Компания тарихы

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде 2004 жылдың 27 қыркүйегінде әлеуметтік нысандарды басқару бойынша мамандандырылған компания – «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» құрылды. 

Компанияның ұраны: «Адал істің жалғасы бар!». 

«Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС-гі қызметінің басым бағыттары болды: әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіру және дамыту, уран кенін өндіруші өңірлерде әлеуметтік бағдарлама бойынша нысандарды жабдықтандыру, кіші және орта бизнесті дамыту.

2005-2007ж. Арналған әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде Серіктестікпен әлеуметтік саладағы нысандардың бірқатары салынды және жөңделді.

Қызылорда облысы мен ОҚО-ның әр уран кенін өндіруші ауылдарында орта есеппен 30 адамға арналған медициналық-санитарлық бөлімдер ашылды. Олар компания қаражаты есебінен ең заманауи жабдықпен жабдықталып, Қазақстанның үздік дәрігер мамандары тартылды. Ең соңғы реанимобильдер сатып алынды, соның арқасында бірнеше адамдардың өмірі құтқарылды.

Ауылды аймақтардағы әлеуметтік тұрақтылықтың маңыздылығы кем емес факторы мәдениет болып есептеледі. Өскелең жастар көбінесе қалаға кетуге ұмтылатындығы бәрімізге мәлім. Сонымен бірге, олармен әлеуметтік аспектіден гөрі мәдени аспект итермелейді. Өкінішке орай, көптеген қазақстандық ауылдарда жастар мен орта жастағы ауыл тұрғындары бос уақтында уақыт өткізетін мәдени мекемелердің жоқтығы әлі де өткір мәселе болуда.    

Сондай-ақ, бұл бағыт Серіктестікпен жедел шешімді қажет ететін деп таңдалды. Соған байланысты, үш ауылда кітапханасы, балалар ойын автоматтары, жаттығу мен спорт залы, ойын және үйірме залдары бар мәдени-спорт орталықтары іске қосылды. Дегенмен, үлкендер мен балалар үшін тақырыптық дамытушы фильмдерді тегін көрсететін заманауи кинотеатр ерекше мақтанышқа ие.   

Бұдан басқа, жыл сайын мәдени-спорттық орталықтарда мазмұнды мәдени ойын-сауық пен спорт-сауықтыру бағдарламары бар басты ұлттық мейрамдарға орайластырылған 12 мейрамға дейін өткізілген: Наурыз, Жеңіс күні, Республика күні және т.б.

Мәдени-спорт орталықтарынан басқа, үш ауылда (Таукент, Қыземшек және Шиелі) спорт ойын-сауық орталықтары салынды, ол жақта келесідей қызметтер көрсетіледі: боулинг, бильярд, караоке мен кафе-ресторан бар.

Білімді демеу  ауылдық аймақтардың дамуына маңыздылығы кем емес үлес болып табылды. Уран кенін өндіруші ауылдардағы үш орта мектепке үздіксіз демеу көрсетілді: коммуналды шығындарды төлеу, зертханаларды сатып алу (химиялық, физикалық), мультимедиялық кабинеттерді жабдықтау, жыл сайын жаңа жабдықтар қамтамасыз етілді, әдістемелік материал және құрал-сайман, барлық мектептерде жиһаз жаңартылды, күнкөрісі төмен отбасылардан балаларға демеу ұйымдастырылды (кеңсе тауарлары, киім, ыстық тағам және т.б.).

Қыземшек ауылында 280 орынға, Таукент ауылында 160 орынға, Шиелі ауылында 280 орынға балабақша ашылды. Балабақшалар заманауи барлық жабдықтар мен құрал-саймандармен жабдықталған. Жұмыс үшін аса кәсіби оқутышулар құрамы іріктелді, әдемі ішкі көрініс құрастырылды, бассейн бар. Барлық Оңтүстік Қазақстан облысында осындай балабақшаларға ұқсас басқа жоқ.

2014 жылы Елбасының тапсырысы бойынша компания қызметінің тиімділігі мен экономикалық көрсеткіштерін арттыру мақсатында  2014 жылдың 17 қыркүйегінде «Самрук-Қазына» АҚ-ы трансформация Бағдарламасын бекітті, ол қоржындық компаниялардан әлеуметтік активтерді шығаруды көздейді, соның ішінде: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ы қоржынынан әлеуметтік активтерді шығару. 

Осы трансформация бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2014 жылдың желтоқсанында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ы мен Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімдіктері арасында 2015-2016ж. арналған әлеуметтік-экономикалық даму шеңберінде ынтамақтастық туралы Меморандум жасалды, соған сәйкес жергілікті атқарушы органдардың балансына келесідей «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС-тің 19 нысаны берілуге тиіс:

  1. Таукент ауылындағы 160 орын және 280 орынға балабақша;
  2. Таукент ауылындағы мәдени-спорт кешені;
  3. Таукент ауылындағы қонақ үй;
  4. Таукент ауылындағы филиалдың кеңсесі;
  5. Таукент ауылындағы шаруашылық аула;
  6. Таукент ауылындағы дәрігерлік-санитарлық бөлім;
  7. Қыземшек ауылындағы 280 орынға балабақша;
  8. Қыземшек ауылындағы мәдени-спорт кешені;
  9. Қыземшек ауылындағы қонақ үй;
  10. Қыземшек ауылындағы филиалдың кеңсесі;
  11. Қыземшек ауылындағы шаруашылық аула;
  12. Қыземшек ауылындағы дәрігерлік-санитарлық бөлім;
  13. Шиелі ауылындағы 280 орынға балабақша;
  14. Шиелі ауылындағы қоршауы бар мәдени-спорт орталығы;
  15. Шиелі ауылындағы қонақ үй кешені;
  16. Шиелі ауылындағы монша-сауықтыру кешені;
  17. Шиелі ауылындағы шаруашылық аула;
  18. Шиелі ауылындағы «Арман» МҮ;
  19. Шиелі ауылындағы дәрігерлік-санитарлық бөлім.

 

2015 жылдың 31 желтоқсанында Серіктестік ОҚО мен Қызылорда облысының Әкімдіктеріне 19 әлеуметтік нысанды беруді жүзеге асырды, әлеуметтік нысандарды берумен қатар Серіктестіктің штатынан қызметкерлерді жергілікті атқарушы органның штатына ауыстыруды жүзеге асырды.

2016 жылы Серіктестік өзінің басты қызмет түрлерін өзгертті және әлеуметтік компания ретінде өз қызметін тоқтатты.

25.12.2015ж. Қатысушылардың жалпы жиналысының №34 хаттамасына сәйкес «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС-і «Қазатомөнеркәсіп-Даму» ЖШС-і деп аталынды.

Осылайша, 2016 жылдан бастап, инвестициялық қызмет мәселелері бойынша кеңес беру қызметтерін көрсету, соның ішінде инвестиция тартуға қатысу Серіктестіктің басты қызмет түрі болып табылады.